Pragmalinguistic features of periphrasis of modern media text

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v189.i1.ph8
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ҚАЗІРГІ МЕДИА-МӘТІНДЕГІ ПЕРИФРАЗАЛАРДЫҢ ПРАГМАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМақалада қазіргі медиа-кеңістікте қолданылып жүрген перифразалардың прагмалингвисти калық ерекшеліктері қарастырылады.Қазақ тілі құнарлы да бай болғанымен, қазіргі қоғам мүшелері ойын барынша ықшамдап жеткізу үшін кірме сөздерді жұмсауға бейім екендігі белгілі.Бұл -адамның ойлау жүйесімен бірге жалпы мәдениетінің деңгейіне теріс ықпалын тигізетін үрдіс.Сондықтан күнделікті өмірде ана тіліміздің көркемдік әлеуетін танытатын бейнелі оралымдарды, оның ішінде астарлы мағынаға құрылатындықтан ерекше орын алатын перифразалар қолданысын кеңінен насихаттауымыз қажет.Аталмыш міндетті қоғам өмірінің барлық саласында берік орныққан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру жеңілірек әрі тиімдірек болмақ.Осымен байланысты, қазіргі медиа-мәтіндегі перифразаларға семантикалық және прагмалингвистикалық талдау жасауды мақсат еткен авторлар мақаласының тақырыбы өзекті, келтірілген деректері шынайы және дәйекті.Лингвопрагматика аясында орындалған жұмыстың негізгі зерттеу нысаны -қазақ тіліндегі заманауи бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген түрлі тақырыптағы медиа мәтіндер.Қазіргі қазақ оқырманына етене таныс басылымдар мен сайттардан жиналған перифразалық бірлік қолданылған медиа мәтін үзінділерін қоғам өмірінің сан саласына қатысты жіктеген автор медиа мәтіндегі перифраза түрлері мен атқаратын қызметіне жан-жақты тоқталады.