A CULTURAL AND CHRONOLOGICAL FEATURES OF THE FUNERAL AND MEMORIAL MONUMENTS OF THE SAKS TO ZHETYSU ON THE EXAMPLE OF THE ORNEK BURIAL GROUND

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh.2023.v108.i1.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада «Есік» музей-қорығының қызметкерлері «Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті», «Сақ дәуірінен ХІІІ ғасырға дейінгі Рахат археологиялық кешенінің материалдары бойынша Жетісудың материалдық мәдениетінің семиозы» және «Шелек-Талғар қосөзені аралығының ерте көшпелілердің қорғандарының констуктивті ерекшеліктері» атты ғылыми қолданбалы зерттеу жобаларының аясында, сондай-ақ Сеул Ұлттық университеті тарихи зерттеулер Институтының, DONG-SEO Корея Республикасының мәдени құндылықтар Институтының, Тарихи мұралар институтының, Mahan мәдениеті ғылыми-зерттеулер орталығының және Daehan Корея Республикасы мәдени құндылықтар институтымен Өрнек орымындағы 2015-2022 жылдар аралығындағы ұзақ мерзімді бірлесе жүргізген зерттеулерінің нәтижелері сипатталған. Бұл зерттеудің басты құндылығы жерлеу ғұрпы мен табылған қабір ішілік заттардың толыққанды зерттелуінде болып табылады. Себебі соңғы уақытта, мұндай кешенді зерттеулер Жетісу аумағында өте сирек жүргізілген. Аталған уақыт мерзімінде 13 обада жүргізілген ​​археологиялық ізденіс жұмыстары осы аумақтың ежелгі көшпенділерінің ғұрыптық-жерлеу мәдениетінің жергілікті ерекшелігін ашуға мүмкіндік берді. Біріншіден өзеннің малтатасынан қаланған тікбұрышты тасжәшік түріндегі қабірішілік құрылымның жобасы бұл аймақтағы сирек кездесетін құрлыс жүйесі. Қазіргі таңда мұндай қабір құрылымы Алматы қаласы аумағындағы Қырғауылды және Таугүл 2,3 обалы-қорымдарынан ғана табылған болатын. Екіншіден қазба барысында анықталған қыш ыдыстардың көптігі, жылқы мен қойды бөлшектеп қою немес бір мүшесін ғана құрбандыққа шалу ғұрпы (культі), сондай-ақ от культінің болуы Өрнек қорымының Жетісу аймағындағы ерте темір дәуіріне тиесілі басқа аймақтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар екенін айқын көрсетеді. Мақалада ескерткіштің осы аталған құрылымдық ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталап өтетін боламыз.