КӨЛІК – ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ӘСЕРІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.14-17
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада цифрлық экономиканың көлік саласының дамуына әсер ету сипаты мен тетіктері ашылады. Көлік саласындағы цифрландыру проблемаларын зерттеудің өзек-тілігі бірнеше факторлармен анықталады. Біріншіден, көлік саласында цифрлық технологи-яларды қолдану ерекше айқын көрінеді: бұл цифрландыру процесінің табиғатын түсіну-ді жеңілдетеді. Екіншіден, көлік компанияларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын технологияның соңғы жетістіктерін қолданудың тиімділігі, және осы тұрғыда цифрлық технологиялардың осы саладағы өндірістік процестерге әсерін зерттеу практикалық қы-зығушылық тудырады. Осы тақырыпты зерттеудің мақсаты -цифрландырудың көлік са-ласына әсер етуінің ең маңызды көріністері, тенденциясы мен әсер ету сипатын анықтау болып табылады. Зерттеу авторлары мұндай әсердің ерекшелігіне, оның бағытына қа-тысты бар көзқарастарды жалпылауға тырысты. Олар экономиканы цифрландыру про-цесінің негізгі компоненттерін бөліп алып, көлік саласына барынша әсер ететіндерін анықтады. Мақалада көлікті цифрландырудың қазіргі тәжірибесіне, осы процестің сал-дарына талдау жасалған. Сондай-ақ, осы материалда авторлар көлікті цифрландыру үдерістерін одан әрі дамытудың өз болжамын ұсынды. Сондай-ақ, көлік саласындағы цифрландыру мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жүргізіліп, әлі шешілмеген негізгі проблемалар анықталды. Зерттеу нәтижесінде авторлар көлік саласының жаңа инновациялық әзірлемелерге объ-ективті қажеттілігі өте жоғары екенін анықтады. Көлік саласына цифрлық технологияларды енгізу әкелетін экономикалық тиімділік айқын.. Үнемдеу мақсатты емес шығындарды азай-ту, жүйенің бақылауы мен басқарылуын арттыру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақыт-та әлемдік тәжірибеде көлікте цифрлық технологияларды енгізу бойынша үлкен тәжірибе жинақталған: қашықтан басқаруды енгізу, жан-жақты автоматтандыруды, интеграцияланған технологияларды, сондай-ақ зияткерлік басқару жүйелерін енгізу.