«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНДАҒЫ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/lmhl5224
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Бұл мақалада «Қобыланды батыр» жырындағы этнографизмдер жинақталып, қолданыс аясы тұрғысынан түрлері жіктеліп, танымдық мәні айқындалды. Қазақ этнографиясының маңызды қабаттарының бірі – этнографизмдерді кешенді зерттеудің өзіндік тәжірибесін ұсынатын бұл мақалада зерттеуші-ғалымдар Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, З. Сәніктің еңбектері басшылыққа алынды. Аталған еңбектерде этнографимзмдер тарихпен, мәдениетпен, өнермен бірлікте талданылған, сондай-ақ қазақ тілінің этнографиялық лексикасын қалыптастырудың құрылымы, негізгі әдістері мен түрлері егжей-тегжейлі қарастырылған. Осы теориялық еңбектерді басшылыққа ала отырып, осы еңбектердің негізінде мақалада батырлық жырдан жинақталған этнографизмдер тақырыптық топтарға жіктеліп, олардың танымдық сипаты қарастырылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы батырлық жырдан жинақталған этнографиялық лексика номинациясының қолданыс аясындағы түрлерінің жіктеліп, танымдық сипатының анықталатындығында. Зерттеудің практикалық құндылығы батырлық жырдан жинақталған этнографизмдер және олардың анықталған сипатты белгілері қазақ тілінің түсіндірме, этнолингвистикалық сөздіктерін құрастыруда және этнографиялық глоссарийлердің тізімін толтыру, олардың мағынасын нақтылау, сондай-ақ оларды қазақ әдеби тіліне енгізу мақсатында қолдануға болатындығымен анықталады. Мақала нәтижелері қазақ тілінің сөздік құрамын, тарихи лексикологиясын, қазақ этнографиясын зерттеуге өзіндік бір үлес қосады және қазақ тіл білімінің перспективалы бағыттарының бірі ретінде этнолингвистиканың дамуына ықпал етеді. Кілтті сөздер: батырлық жыр, этнографизм, таным, этнографиялық лексика, мәдениет. "