Аннотация
Мақалада президентіміз Қ.Қ. Тоқаевтың жолдауында көрсетілген мақсатты мәселелерге сәйкес елімізде сапалы білім берудің өзекті жолдары талқыланады. Соның ішінде қазіргі заманауи қажеттіліктен туындаған дуалдық бағдарламалар негізі қарастырылады. Жаңа Қазақстанның өркендеуіне тікелей қатысты білім беру жүйесіндегі дуалдық оқыту жолдары талданып, оның білім сапасына ерекше ықпалды жолдары көрсетілген. Білім беру жүйесінде теория мен тәжірибенің ұштасып, бірлескен негізде болашақ маманның танымдық ынтасына ерекше әсерін тигізу мүмкіндігі талқыланған. Өндірістен қол үзбей, тәжірибелік негізде теориямен педагогикалық негіздемелер жасалған. Білімді ұлт – келешектің негізі. Аталмыш мақалада сапалы білім берудің негізгі мазмұны талқыланып, білім берудегі жұмыс жоспары, оқыту бағдарламаларына негізделген оқулықтар материалдары сараланған. Сапалы білім беру мазмұнын іріктеу өлшемдері мен білім беру мазмұнына да жан-жақты талдаулар жүргізілген. Мақалада сапалы білім берудің дуалды бағдарламалық тәсілдерінің қолданыс әрекеттері талқыланған. Ғылыми-әдістемелік деңгейде сараланған дуалды бағдарламалық негізде оқытудың тиімділігі де талданып беріледі. Сонымен қатар қазіргі Жаңа Қазақстанда жалпыға бірдей орта білім беруді өндіріспен ұштастыруды дәйектілікпен жүзеге асыру міндеттемесі сараланады. Дуалдық бағдарлама ережелеріне сәйкес арнайы оқу орындарында теория мен практика негіздерін ұштастыру мәселесі жан-жақты талданған. Мақалада дуалды бағдарлама негізінде оқыту процесінің қозғаушы күштері талданып, оқыту негізінің тиімділігі туралы ой қорыту негіздері ұсынылады.