АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ТҮГЕНДЕУ МАҚСАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ

2023

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2023.1(116).1355
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі технологиялардың дамуы қарқын алған тұста Мемлекеттік геодезиялық желілерді жаңғыру мақсаты арта түсті. Бұған себеп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік геодезиялық желілерінің 1942 жылдан бері күрделі өзгерістер енгізіп жаңаланбауын айтуға болады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық жерлерін және жер учаскелерін нақты өлшемдерін алуға кедергі келтіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсан күні шыққан №1403 қаулысына сәйкес мемлекеттік деп бекітілген 1942 жылғы координаттар жүйесіне (ары қарай - СК-42) шектеу салған. Осыған сәйкес СК-42 координаттар жүйесін жеке тұлғалар, мемлекеттік емес мекемелер және шетелдік инвесторлар қолдана алмайды. Бұл ғылыми зерттеу жүргізіп, координаттар жүйесінің кемшіліктерін анықтап, жаңашылдықтар енгізуге кері әсерін тигізді. Аталған кедергілерден шығу мақсатында Мемлекеттік геодезиялық желілерді жаңғырту және жаңа жалпыға ортақ өлшем жүйелерін анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеуді жүргізу мақсаты ең қолайлы ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелердің (ары қарай - ҒНСЖ) өлшеу әдістерін ұсыну болып табылады. Зерттеу жұмыстары барысында алынған деректердің салыстырмалы талдаулары сипатталған. Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы аумағының жер бетінде географиялық орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, жерсеріктік өлшеулердің неғұрлым ұқсас әдістемелері әзірленді. Қорытындылауда геодезиялық жұмыстар кезіндегі ауыл шаруашылық, жер учаскелерін және тағы да басқа жерлерді өлшеу әдістері мен тәсілдері келтірілген.