МЕКТЕП–ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРТТАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/wkux9816
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Мақалада қазіргі білім беру жүйесінде сабақтастықты жүзеге асыру мәселесі зерттеледі. Мақаланың мақсаты: мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау. Зерттеуде іс-әрекет және құзыреттілік тұғырларының интеграциясы, жүйелілік-синергетикалық тұғыр, транспәндік тұғыр әдіснамалық негіз ретінде алынды. Авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыру мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық талдау мен ортақ бір жүйеге келтіру, сонымен қатар педагогикалық зерттеудің теориялық және практикалық әдістерін қолданады. Мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастықты жүзеге асырудың әдістемелік шарттары мен факторларын анықтау үшін конструктивизм педагогикасының негізгі принциптері ескерілді. Зерттеу барысында: 1) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруға әсер ететін факторлар айқындалды; 2) сабақтастыққа берілген қазіргі ғылыми түсініктемелерге сәйкес оқытуда осы приннципті жүзеге асырудың жолдары анықталынды; 3) мектеп-жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асыруда жобалық және транспәндік оқыту технологияларын қолдану негіздері дәлелденді; 4) транспәндік тұғыр негізінде дидактикалық материалдарды әзірлеудің жаңа үлгісі ұсынылды. Қорытындылай келе, авторлар мектеп–жоғары оқу орны жүйесінде сабақтастық принципін жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік шарттарын ұсынады. Кілтті сөздер: физика; сабақтастық принципі; оқытудың транспәндік технологиясы; жобалық оқыту технологиясы; әдістемелік жүйе."