Жезқазған моноқаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2022-4-44-52
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Жезқазған қаласының мысалында 2016-2020 жылдар аралығындағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы талданған, моноқаланың дамуының интегралды көрсеткішіне бағалау жүргізілген. Қаланың әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымының дамуының интегралды көрсеткіштерін есептеу негізінде оның тұрақты даму жағдайын бағалаудың әдісі берілген. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан алынған Жезқазған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері деректер ретінде қолданылады. Бағыттар бойынша интегралды көрсеткіштерді есептеу үшін алдымен қаланың әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымының дамуының орташа салмақталған коэффиценттері анықталған, соңынан қаланың тұрақты дамуының интегралды индексі есептеліп, дамудың деңгейі бағаланған. Әдістемелік ұсынылған тәсіл Жезқазған қаласы жағдайында қарастырылды. Интегралды көрсеткіштердің серпінін талдау мен бағалау нәтижесінде моноқаланың тұрақты дамуын жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.