ТАРТЫЛЫМ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫҢ КҮШТІК ТРАНСФОРМАТОРЛАРЫНЫҢ ІСТЕН ШЫҒУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-283-292
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жабдықтың сенімділігі - бұл жабдықтың белгілі бір режимдерде және қолдану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдау жағдайларында қажетті функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндерін белгіленген шектерде уақыт бойынша сақтау қасиеті. Электротехникалық жабдықтың жағдайларының әрқайсысы апаттық тоқтауға немесе апаттық істен шығуға және жабдықтың ұзақ мерзімді істен шығуына әкелетін ақаулармен сипатталады. Істен шығу процесінің математикалық сипаттамасы істен шығу моделі деп аталады. Көп жағдайда қондырғылардың істен шыққан элементтері қалпына келтіріледі. Жабдықты қалпына келтіру және алдын-алу процесі қондырғының істен шығу мүмкіндігін толығымен жоққа шығармайды, бірақ олардың ықтималдығын едәуір төмендетеді, яғни сенімділікті арттырады. Бұл процестердің математикалық сипаттамасы сенімділік моделі деп аталады. Істен шығу моделі мен сенімділік моделі сенімділік көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады. Мақалада тартылым қосалқы станциясының күштік трансформаторларының элементтерінің зақымдану түрлері, себептері мен ішкі әсерлерден туындаған күштік трансформаторлардағы ақаулардың негізгі түрлері мен жіктелулері қарастырылды. Сонымен қатар мақалады Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының тартылым қосалқы станцияларының күштік трансформаторларының істен шығу ықтималдықтары анықталды.