СЫРТТАН ЖЫЛУ БЕРІЛЕТІН ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/hosn7393
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Бұл мақалада қыздыру көзінің жылуын түрлендіру кезінде сыртқы жылу берілісі бар қозғалтқыштың тиімділігін арттыру жолы көрсетілген. Ол үшін сыртқы жылу берілісі бар қозғалтқыштың ығыстырушысы мен поршеннің ең оңтайлы параметрлерін іздеуді зерттеудің кейбір нәтижелері келтірілген. Сырттан жылу берілетін қозғалтқыштарды дамыту саласындағы әлемдік жетістіктерге, сонымен қатар ғылыми әдебиеттерге талдау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырған сенімділік және сырттан жылу берілетін қозғалтқыштың жұмыс ресурсын арттыру мәселелері қарастырылып, бұл сұрақтарға жауап ізделінді. Сырттан жылу берілетін қозғалтқыштың жұмыс ресурсы құрғақ үйкеліс режимінде ұзақ уақыт жұмыс істей алу мүмкіндігіне және тығыздағыштардың сенімділігімен тікелей байланысты. Ығыстырғыштың ұлғайтылған диаметрімен қозғалтқыштың жаңа конструкциясы жасалып, бұл өзгеріс тығыздағыштардағы жүктеменің азайтылып, ресурстың артатынын байқатты. Берілген поршень диаметріне қатысты ығыстырғыштың диаметрі жоғарылаған кезде PV диаграммасын талдау қозғалтқыштың тиімділігі мен қуатын арттыруда оң нәтиже көрсетті. Ығыстырғыштың диаметрінің ұлғаюы PV диаграммасының ауданын ұлғайтуға және оны идеалды Стирлинг жылу цикліне жақындатуға әкеледі. Ұсынылған сырттан жылу берілетін қозғалтқыш электрлік синхронды генератор жетегі үшін арналған. Кілтті сөздер: Стирлинг қозғалтқышы, PV диаграммасы, жұмыс денесі, жылытқыш, салқындатқыш. "