SHADOW ANALYZER БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ PV-КҮН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК АРХИТЕКТУРАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/xxfd2467
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Қазіргі уақытта PV-күн технологиясын жобалау үшін әртүрлі қолданбалы бағдарламалар әзірленуде, олардың негізгі міндеті фотоэлектрлік станциялардың физикалық-математикалық үлгілерін жасау болып табылады. Shadow Analyzer бағдарламалық жүйесінің басқа бағдарламалық құралдарға қарағанда маңызды артықшылығы - зерттелетін нысанның архитектурасын бақылау және визуализациялау жүйесінің болуы, мұның өзі PV-күн технологиясының жұмыс параметрлері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған Shadow Analyzer бағдарламалық жүйесі функционалды болып келеді, мысалы бірінші кезеңде таңдап алынған нысананы тұрғызу үшін арнайы бас сахна таңдалады. Оған бас XYZ координата жүйесі бекітіледі, ал қалған элементтерін басқа сахнада тұрғызып, олар бас сахнамен біріктіріліп жиналады. Сонда бас сахнада толық дайындалған нысана пайда болады. Дайын болған нысананың төбесінің бос аймағына PV-күн стансасының қажетті қуатты архитектурасы тұрғызылады. Дайын болған нысананы кез-келген бағытта қозғауға болады. Келесі кезеңде функционалды түймешіктің көмегі арқылы зерттелетін нысананың қажетті мәліметтерін алуға болады. Берілген жұмыста Кентау трансформатор зауытының жарықтандыру жүйелерін энергиямен жабдықтау мақсатында Shadow Analyzer бағдарламалық құралының көмегімен дербес PV-күн технологиясының компьютерлік архитектурасын құру мәселелері қарастырылады. Кілтті сөздер: PV – күн технологиясы, бағдарламалық құрал, жаңартылатын энергия көздері, күн, фотоэлектрлік модуль, күн батареялары. "