Мүдделі тараптар теориясын негізге ала отырып, университет имиджін бағалау

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2022ec1/195-203
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақсаты: Университет имиджін қарастыру кезінде имиджді түсінудің тәсілдерін көрсету. Ұйым имиджін оның бәсекеге қабілеттілігімен байланыстыру идеясын түсіндіру және ғылыми зерттеулер көрсеткендей, имидждің негізгі қызметі – біреуге немесе бір нәрсеге оң көзқарас қалыптастыру. Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін оның имиджінің көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін шаралар кешенін дәлелдеу.Әдісі: Авторлар бірқатар әдістерді қолданды: талдау, стратегиялық талдау, мүдделі тараптарды талдау, фокус–топтық әдіс, имидж қалыптастырушы фактордың бәсекеге қабілеттілік коэффициентін есептеу, графикалық әдіс. Осы әдістерді қолдану арқылы нақты университеттің бәсекеге қабілеттілігінің жалпы коэффициенті есептеп шығарылған.Қорытынды: Нақты университеттің бәсекеге қабілеттілігінің жалпы коэффициентін есептеп көргенде, нәтижесінде бұл көрсеткіш бірден төмен болды. Яғни, зерттелген жоғарғы оқу орнының имиджі мақсаттық көрсеткішке сәйкес болмай шықты. Осылайша бұл коэффициент имидж қалыптастырушы элементтер тұрғысынан қарағанда университеттің бәсекеге қабілеттілігін немесе керісінше олай еместігін анықтауға мүмкіндік береді.Тұжырымдама: Алынған мәліметтерге сәйкес, жұмыс жақын арада басталуы керек деген имидж қалыптастыратын аймақтар анықталды, өйткені олар бір жағынан студенттер үшін маңызды, ал екінші жағынан бәсекеге қабілеттілік коэффициентін зерттеуге қажет.