Аннотация
Интернеттің тұрақты құрылуы мен дамуы ақпараттық технологиялар саласындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі болды. Оның артықшылығы: байланыс икемділігін арттырды, шығындарды азайтты және географиялық қашықтыққа қарамастан үлкен көлемде ақпарат алмасуға мүмкіндік берді. Осы артықшылықтардың арқасында үкімет интернетті азаматтармен қарым-қатынас жасау және транзакциялар жасау үшін электрондық үкімет ұдайы қолдана бастады. Осы зерттеудің мақсаты Алматы қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының Үкіметтік электрондық сайттарында көрсетілетін қызметтерге SWOT-талдау жүргізу болды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету ұйымның сапа жүйесіне стратегиялық талдау жүргізу үшін даму стратегиясына негізделуі керек, оның негізінде директорлар қауымдастығындағы жағдай және оның сыртқы ортасы туралы барлық ақпаратты жүйелеу үшін SWOT талдауын қолдануға болады, нәтижесінде кәсіпорынның дамуына қатысты бағыттар мен бастамаларды анықтауға болады. Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметін көрсетуді SWOT талдау нәтижелері бойынша ең маңызды күшті жақтар ұйымды басқару стратегиясының негізі болады. Екінші жағынан, жақсы стратегия ұйымды басқарудың тиімді жүйесінің әлсіз жақтарының теріс әсерін азайтты. Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын талдау аналитикалық тұрғыдан күрделі процесс, күшті және әлсіз жақтар міндетті түрде басқа ұйымдардың ұқсас параметрлерімен салыстырылады. Мүмкіндіктер мен қауіптер компанияның қазіргі стратегиясындағы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді. SWОT талдаудың қортындысы бойынша оң нәтижелер ол ұйымның іске асыра алатын мүмкіндіктері, теріс сандар бұл жұмысқа кері әсер ететін факторлар. Атап айтқанда оң нәтижелер 295.16 баллға тең болды, ол ұйымның іске асыра алатын мүмкіндіктері, теріс сандар: -13,77, -17,02,-71,63 - бұл жұмысқа кері әсер ететін факторлар. Осы теріс факторлардың ішінде ең төменгісіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қорытынды матрицасы көрсетілген кестеде электронды үкімет жұмысына әсер ететін күшті және әлсіз жақтарын баллдық жүйе бойынша көруге болады, сол арқылы корпорация өзінің даму стратегиясында белгілі бір аса қауіпті жақтардың алдын алу шараларын немесе мүмкіндігі жоғары жақтарға басымдық беруіне болады. Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметін электрондық үкімет арқылы көрсету арқылы тұтынушылардың қанағаттануының жоғарылайындығы, сонымен бірге кері байланыс орнату мүмкіндігінің жақсаратындығы анықталды.