ГЛИКЕМИЯ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ҮШІН ЭЛЕКТРОКАРДИОСИГНАЛДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-256-263
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қандағы глюкоза деңгейінің тұрақсыз болуы адамда қант диабеті, қатерлі ісік, бүйрек және жүрек ауруларын тудырады. Адам өмірі жүректің дұрыс жұмыс жасауымен, жүрек соғысының тұрақтылығымен тікелей байланысты. Ал жүрек қызметін тұрақты бақылау қатерлі аурулармен ауыратын адамдар үшін маңызды. Қандағы глюкоза деңгейі жүрек қызметінің бұзылуына әкелуіне байланысты глюкоза деңгейін тұрақты бақылап отыру қажет. Глюкоза деңгейін инвазивті түрде, саусаққа ине сұғу арқылы анықтау үздіксіз анықтауға мүмкіндік бермеуі, науқас үшін ауыр және инфекцияға ұшырату мүмкіндігінің болуына байланысты инвазивті емес анықтаудың тиімді әдісін жетілдіру маңызды. Бұл мақалада қандағы глюкозаның деңгейіне байланысты жүрек қызметінің өзгерістерін анықтау үшін инвазивті емес әдіс ЭКГ арқылы анықтау қолданылды. ЭКГ арқылы қандағы глюкоза деңгейін анықтауға байланысты әдістер мен зерттеулерге және нәтижелерге талдау жасалынды. Зерттеу барысында ЭКГ арқылы анықтау үшін 5 сау қатысушыға екі күн бойы эксперимент жүргізілді. Бірінші күні қатысушылар 75 г сусыз глюкоза ерітіндісін тұтынса, екінші күні қатысушылар сусыз глюкоза ерітіндісін тұтынған жоқ. Екі күн бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша сау адамдар сусыз глюкоза ерітіндісін тұтынған жағдайда қандағы глюкоза деңгейінің өзгеретіндігі және ЭКГ нәтижелеріне әсер ететіндігі анықталды. ЭКГ нәтижелері мен глюкометрмен алынған нәтижелердің ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырмалы түрде зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша қандағы глюкозаның деңгейіне байланысты өзгеріске ұшырайтын ЭКГ аралықтары анықталды.