АГРОЛАНДШАФТТАРДЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.4.1223
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жаздық бидайды өсіру технологиясының топырақ құнарлылығының өзгеруіне әсер ету механизмі, топырақты өңдеу әдістерінің агроландшафттардың өнімділігіне әсері зерттелінді. Топырақтың су-физикалық қасиеттеріне, жаздық бидайдың өнімділігіне топырақтың негізгі өңдеу әдістері арқылы салыстырмалы баға берілді. Аңызық алғы дақылдар ылғалдылығы бойынша сүрі танаптан 11,6 16,2 мм жоғары көрсеткіш көрсетті. Топырақтағы сүрі танапты алғы дақыл бойынша өнімді ылғал қоры аңызық алғы дақылдан 33,4 мм-ге артық көрсеткішке ие. Зерттеуге алынған агротехникалық нұсқаларда қар жамылғысының биіктігі және жалпы қардағы су қоры минималды өңдеу жүйесінде басымырақ болды. Технологиялар бойынша қардың тығыздығында айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Оңтүстік қара топырақта нитратты азоттың 0-40 және 0-60 см қабатта мөлшері 13,8-18,2 мг/кг құрады. Жаздық бидайдан алынатын өнімділік топырақтың минималды өңдеу жүйесі бойынша аңызық алғы дақыл және сүрі танапты жағдайда жақсы нәтиже береді. Нәтижесінде орташа өнімділік сүрі танабы бойынша - 27,1 ц/га, аңызық дақыл бойынша 26,3 ц/га.