ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ КЕЙБІР ҚҰНАРЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРІСІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.4.1248
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қостанай облысының ауыл шаруашылығында ұзақ мерзім қолданыстағы қара топырақ жамылғысының сипаты мен құнарлылық көрсеткіштерінің табиғи және антропогендік жүктеме әсерінен өзгерісі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелерінің қазіргі жағдайы бағаланып, соңғы уақыттарда қара топырақтарды ауыл шаруашылығында экстенсивті пайдалану салдарынан топырақтың мелиоративтік жағдайы нашарлап, эрозияға ұшыраған топырақ аумағының көлемі және басқа да кері үдерістердің артқаны айқындалды. Кәдімгі қара және оңтүстік қара топырақтарды ауыл шаруашылығында қолданылған 32 жыл уақыт ішінде физикалық-химиялық көрсеткіштері біршама өзгеріске ұшыраған. Беткі қабаттарындағы (0 20) қарашіріндінің мөлшері бастапқы мөлшерінен 0,16% шамасында төмендесе, нитратты азот кәдімгі қара топырақта 21%, жылжымалы фосфор мөлшері 11%, ал оңтүстік қара топырақтада нитратты азот 20%, жылжымалы фосфор 20%-ға азайған.