АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ШЕТКІ ШУ ЖОЛАҚТАРЫН САЛУҒА АРНАЛҒАН БИТУМ-ҚИЫРШЫҚТАС ТАРАТҚЫШТЫҢ ҚОСЫМША ЖҰМЫС ОРГАНЫ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-121-2-71-77
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі уақытта битум-қиыршықтас таратқышты бұдырлы бетті жол төсемдерін орнатуға арналған машиналардың негізгі классы ретінде қолдану, сондай-ақ жаңа технологиялық міндеттер үшін олардың мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударыла бастады. Осы жұмыста қиыршықтас таратқышты битум-қиыршықтас таратыш құрамында автоматтандырудың және қазіргі заманғы метрологиялық қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне ие бірыңғай жол көліктік кешен ретінде ұсыну мүмкіндігін қарастыру көзделеді. Сонымен қатар жұмыс өндірісі кезінде қиыршықтастың әр түрлі фракцияларын бірқалыпты араластыруды қамтамасыз ететін автомобиль жолдарының шеткі шу жолақтарын жасауға арналған қиыршық таратқыштың қосымша жұмыс органы қарастырылады. Жұмыста қалыпты жол жамылғысы бар аумақтан беткі қабаты бұдырлы аумаққа өту кезінде макро кедір-бұдырлықтың өзгеруі, сондай-ақ көлбеу жолақтан шеткі сызық бойымен өрескел беткеймен жүрген автомобиль қозғалысы кезінде шу деңгейі мен құрылымының өзгеретіні негізделді, бұл жүргізуші назарын жоғалтқан кезде және шеткі таңбалау жолағынан шығып кеткен кезде танылуы мүмкін. Кедір-бұдырлы беті бар жол жабындарын жасауға бағытталған машиналар мен механизмдердің негізгі түрлеріне жаңғырту мен автоматтандыруға ұсынылуы мүмкін түрлі өндірушілердің қиыршық тас таратқыштары кіреді.