Аннотация
Мақалада жиілікті реттейтін асинхронды электр жетегінің құрылымдық диаграммасы келтірілген. Қарапайым дифференциалдық теңдеулерде, сондай – ақ символдық түрдегі теңдеулерде жиілікті реттейтін асинхронды электр жетегінің динамикасының математикалық сипаттамасы берілген. MATLAB математикалық жүйесін қолдана отырып жүйенің тұрақтылығын анықтау үшін реттелетін жиілік түрлендіргіш жүйесі мен асинхронды қозғалтқыштың берілу функциясын қалыптастырудың жаңа бағдарламасы берілген. Жиілікті реттейтін асинхронды электр жетегінің беріліс функциясы және асинхронды қозғалтқыштың өтпелі графикасы келтірілген.