ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/xriq4197
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

"Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында қолданылатын коммуникативтік құзыреттің компонеттері туралы қарастырылады. Коммуникативтік құзырет-кәсіби және тұлғааралық өзара әрекеттесу мақсаттары мен шарттарына сәйкес тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін психологиялық білімнің жүйесі, қарым-қатынас дағдылары мен әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлық стратегиясы. Авторлар коммуникативтік құзырет компоненттерін, сөйлеу әрекеттерін және ерекшеліктерін сипаттайды. Сонымен қатар әйгілі әдіскерлердің коммуникативтік құзырет компоненттерін саралап, қысқа тұжырымдамалар берген. Коммуникативтік құзыреттің маңыздылығының екі тұсын атап көрсеткен. Олар: әдепті сөйлеу мен интеллектуалды даму. Әдепті сөйлеу - сөйлеу қызметінің мазмұны мен құрылымы деңгейінде еркін сөйлеуде, сөйлеуді қалыптастыру сәтінде тіл арқылы ойды тұжырымдауда көрінеді. Интеллектуалды даму ‒ ақпарат іздеу қабілеті, ақпаратты алу және өңдеу, ақпаратты түсіндіре білу, осы ақпаратты жеткізудің түрлі тәсілдерін білу, трансформациялау, негізгі және қосымша ойды ажырата алу, ұғымдардың маңызды ерекшеліктерін анықтау, тұжырымдамалар арасындағы байланыстарды айқындай алу болып табылады. Лингвистикалық, прагматикалық және социолингвистикалық компоненттерді қамтитын коммуникативтік құзырет моделі ‒ адамдар арасындағы ой мен сезімді тіл арқылы алмасудың әлеуметтік процесі ретінде қарым-қатынасты үйретуді дәлірек көрсетеді деген қорытындыға келеді."