Аннотация
Мақалада ет саласындағы екіншілік шикізатты пайдалану мәселелері қарастырылған. Ет өнімдерінде өсімдік қоспаларын қолдану келешегі талқыланды. Ақуыз көздері болып табылатын І категориялы субөнімдердің физикалық-химиялық құрамы зерттелді. Зерттеу нәтижесінде І категориялы субөнімдер ішіндегі бауырда 6900 мкг/г темір анықталып, басқа субөнімдердің көрсеткіштерінен жоғары болды. Ет-өсімдікті паштет өнімінің рецептурасы құрастырылды. Өнімнің рецептуралық құрамы келесі заттардан тұрады: субөнімдер (бауыр, жүрек) - 45%, нұт – 25%, өсімдік майы – 5%, сорпасы, пияз, тұз, дәмдеуіштер. Ет-өсімдікті паштет технологиясы сипатталды.