ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БИООРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КҮҢГІРТ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚАРБЫЗДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫНА ӘСЕРІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1042
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Берілген мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысыжағдайында биоорганикалық тыңайтқыштардың күңгірт қара-қоңыр топырақтың құнарлылық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу әр түрлі биоорганикалық тыңайтқыштар қолданылған нұсқалардың топырақ құрамындағы қоректік элементтері (NPK) деңгейі арқылы, ал қарбыздың өнімділігіне әсері, тәжірибелік нұсқалардың жалпы өнімділік көрсеткіштері мен сапалық құрамы бойынша анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша биоорганикалық тыңайтқыштардың зерттеу танаптары топырақ құнарлығы көрсеткіштеріне оң әсерін тигізетіні белгіленді. Макроэлементтердің жылжымалы формаларының ең жоғары көрсеткіштері топыраққа 40 т/га мөлшерінде шірінді көң, 15 т/га мөлшерінде биогумус және 5,0 т/га мөлшерінде құс саңғырығын бергенде жинақталғаны анықталды. Биоорганикалық тыңайтқыштар қарбыз дақылының өнімділігін арттырды. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда, өнімділік 15,6%-дан 34,34%-ға өсті. Биологиялық тыңайту жүйесінде қарбыз дақылының сапалық көрсеткіштері жақсарып, жемістердің құрамындағы құрғақ заттар, жалпы қанттылық пен аскорбин қышқылы көбейді.