ЦЕОЛИТТІ-ХЛОРЕЛЛАЛЫ ПРЕМИКСТІҢ САУЫН СИЫР АЗЫҒЫНЫҢ КОНВЕРСИЯЛАНУЫНА ӘСЕРІ

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.2(113).1006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Сиыр сүтін өндірудегі жалпы шығындардың басым бөлігі азықтар мен азықтандыру шығындарының үлесіне тиетіндіктен, азықтандыру рационы қоректілігін арттырып, сүт түзуге жұмсалатын азық шығынын азайту саланың өзекті мәселесі болып табылады. Ғылыми-шаруашылық тәжірибеде сауын сиырлар азықтандыру рационына 28-29% цеолиттен, 1,5-2% хлорелла ұнтағынан, 75-76% күнбағыс күнжарасынан тұратын цеолитті-хлорелалы премикстіқосудың азық конверсиялануына әсері зерттелді. Бұл құрамдағы премикс қосындысы сауын сиырлар рационының минералды-дәруменді қоректілігін жоғарылатып, желінген азық энергиясы мен қоректік заттарының сүт түзуге тиімділігін арттырды. Тәжірибе тобы сиырларының рацион құрғақ затын сауымның шыңындағы 3-ші айында бақылау тобы сиырларымен салыстырғанда - 0,40±0,1 кг-ға, ал орташа тәуліктік сүт сауымы - 1,96±0,14 кг-ға жоғарылады және бақылау тобы сиырларының сүтімен салыстырғанда олардың сүтінің сапасы жақсарып; ақуыз мөлшері - 3,12±0,02-ден 3,36±0,06 %-ға, майы - 3,99±0,02-ден 4,03±0,06 %-ға артып, соматикалық жасушалар саны - 352±57-нен 336±27 мың/мл-ге дейін төмендеді. Сиыр рационы алмасу энергиясының - 2,1%, азық өлшемінің - 4,0%, протеинінің - 2,1% артуы, сүт өндіруге жұмсалатын азықтар шығынын төмендетті.