Аннотация
Мақалада өсіп-өнген бидай дәнінен алынған ұнды қолдана отырып, нан-тоқаш бұйымдарын өндіру технологиясын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Шикізаттың осы түрінің құрамы мен құндылығы келтірілген. Өсіп-өнген бидай негізінде көптеген дәрумендер, ақуыздар, макро- және микроэлементтер кіретін қабық пен алейрон қабатының қолайлы бөлігін мүмкіндігінше сақтауға мүмкіндік берілетіні атап өтілді. Шикізаттың осы түрінің нан өндірудің технологиялық үрдісіне әсері зерттелді. Өнімнің органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталды. Нәтижесінде, ең жақсы үлгі – өсіп-өнген бидай дәнінен алынған ұнның 15% мөлшері бар нан екені анықталды.