Аннотация
Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) әлемдік сұраныс үнемі өсіп келеді. 2050 жылға қарай жаһандық энергетикалық теңгерімдегі олардың үлесінің ұлғаюы 35%-ға дейін болжанып отыр, ал дамыған елдердегі олардың өсу қарқыны 2050 жылға қарай дәстүрлі энергиямен қамтамасыз етудің 70% алмастыра алады. Осыған байланысты барлық дамыған елдерде баламалы энергетикаға байланысты бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуда. Оның тартымдылығы ресурстардың сарқылмауынан, әлемдік энергия нарықтарындағы баға конъюнктурасынан, сондайақ, экологиялық тазалығынан туындайды. ЖЭК-нің осындай артықшылықтары – шет елдерде жаңартылатын энергетиканың қарқынды дамуына және алдағы онжылдықтардағы оның перспективаларына қатысты өте оптимистік болжамдарға себеп болды.