МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОМАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ құрылымдау

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/eyah7617
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі жалпы білім беретін мектептердің мақсаты мен міндеті айтыла келіп, осы талаптарға сәйкес математика пәнін оқытудың кейбір ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Тұлғаны ұлттық рухта қалыптастыратын әр халықтың өзіне тән ерекше өмір салты, құндылығы бар екендігі белгілі. Математика сабақтарындағы оқу, оқыту іс-әрекетінің негізі есептер шығару болса, осы ретте өэ халқымыздың ұлттық әдет-ғұрпы мен өнегесі, әдебиеті мен тарихы негізге алына отырып дайындалып, заманауи үлгіде құрылған этноматематикалық есептер мен тапсырмалардың маңызы зор. Біздің зерттеуіміз халқымызға тән осындай этникалық белгілерді, нумерацияны және санап, есептеуді, шамаларды өлшеуді пайдалана отырып, математикалық есептер контентін құрылымдау және модельдеуді қарастырады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы халық шығармашылығының сан түрлі туындыларында кездесетін математикалық мәліметтерді, қазақтың қара есептерін, ежелгі математикалық мәдениет ескерткіштеріне талдауды қамтитын ұлттық фольклорға негізделген. Жоба нәтижесінде оқушылар зердесінде математикалық сауаттылықты, құзыреттілікті, мәдениетті этноматематика арқылы қалыптастырып, дамыту оқушыларға арналған этноматематикалық есептердің мобильдік қосымшасын жасақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Мақалада нақты мәліметтерді пайдалана отырып құрылымдалған осы сипаттағы этноматематикалық есептер топтамасы келтіріледі.