Заманауи қазақ көркемсуретті киносына семантикалық-cемиотикалық талдау (Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі мысалында)

2022

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v7i2.525
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кинематограф мазмұн жағынан алғанда идеологиялы, сондықтан да ол көпқырлы. Кино өнерінің қоғамға, тұлғаға әсер етуші ауқымды қызметі мен лингвистиканың дәстүрін мұра еткен семиотикасы ақпарат таратушы адамдар үшін қажет болды. Кино ақпарат беруші құрал ретінде мол мүмкіндіктерге ие. Ол ақпаратты кез келген қашықтыққа жеткізіп беріп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі әдіс-тәсілдерімен назар аударта білді: суреттермен, дыбыстармен әсер етіп, көрерменді сендіруде монтаждық тәсілдер кеңінен қолданылып, қозғалыстағы суретті кадрлар оның құдіретін арттыра түсіп, коммуникация үдерісі ішінде ақпаратты жеткізу үшін қызмет ете бастады. Кино cемиотиканың салыстырмалы талдау әдісін Юрий Лотман, Кристиан Метц, Ролан Барт, Михаил Бахтин, Абраам Моль сынды т. б. семиотик ғалымдардың зерттеулерін кино тілі аясында қарастыру басты мақсат болып табылады. Шындықты бейнелеудегі кинематографияның мол мүмкіндіктері ең алдымен структуралистерді бірден қызықтырды. Гуманитарлық зерттеулердегі кездесетін өмірге жақындық пен ұқсастықтар фильмде символикалық-таңбалық пен бейнелі қатарлар арқылы оқумен жалғасын таба түсті. Таңбалар жүйесі арқылы берілетін ақпарат экранды айналып өтіп, ешқандай дауысты қолданбастан байқаусыз адресатқа жетіп, оның ішкі әлемінен орын табады, сөйтіп оның өз ақпарат көзіне айналып кеткенін адресаттың өзі байқамай қалады. Экран белгілер арқылы ақпаратты жеткізсе, ал көрермен оларды «оқиды», өз саналарында шындыққа бейімдеп, іштей сол әлемнің қатысушы кейіпкеріне айналып, әсер алады. Кинематография идеологияның көзі болғанына қарамастан оның үгіт-насихаттық сипатының уақыты өтті. Сонымен қатар оның коммуникациялық міндеті ақпарат теориясына ықпал етпейтіндігін көрсетті. Біз кинематографияның «ақпарат беруші» ретіндегі қызметіне тоқтала отырып, оның адресат тарапынан қабылдануы мен автор (адресант) тарапынан жеткізген бейнелік қатарды, фильм идеясын таңба-символдарға негіздей отырып, нарратологиялық талдау арқылы талқылайтын боламыз. «Ақпарат», «коммуникация» секілді түсініктерді қолдануымызға киноның гуманитарлық структурализммен туыстығы және бай дәстүрі негіз болды. Автор мен көрермен арасындағы байланыстарды бір-бірінсіз елестете алмайтындығымыз секілді, киноны да бейнелік-таңбалық қатарсыз оқи алмаймыз. Заманауи қазақ киносының үздік мысалы ретінде Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмінің көркемдік мазмұнын семиотикалық көзқарас тұрғысынан талдау мақаланың негізі болып табылады.