ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ CARTHAMUS TINCTORIUS L. ДАМУЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2021/06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл жұмыста әртүрлі географиялық аймақтарда орын алған табиғат жағдайларының Carthamus tinctorius L. өсімдігінің өсіп-жетілуіне және оның өнімділігіне әсер етуі қарастырылған. Мақсары (Carthamus tinctorius L.) тек тамақ өнеркәсібінде ғана емес, медицинада да, парфюмерияда да, халық шаруашылығының басқа салаларында да қолданыс тапқан, аса құнды майлы дақыл. Зерттеуге алынып отырған мақсары өсімдігі бір-бірінен айтарлықтай қашықтықта орналасып жатқан және экологиялық, сондай-ақ климаттық жағдайлары тұрғысынан алғанда бір-бірінен күрт ерекшеленетін өңірлерде, атап айтқанда Орталық Азияда (Тәжікстан Республикасы, Соғды облысы мен Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы) және Ресей Федерациясының қара топырақты өңірінде (Воронеж облысы) өсірілді. Олардың вергиналды өсу кезеңінен бастап өсімдіктің репродуктивті жағының дамуына және қуаттылығына әсері болатындығы анықталды. Түрдің бейімделу механизмі ретінде Воронеж облысының табиғаты жағдайында өсімдіктердің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы қысқара түсетіндігі белгілі болды. Бұл ретте мақсарының тұқымдық өнімділігі географиялық жағдайларға тәуелді бола қоймайды. Жұмыста особътардың морфогенетикалық сипаттамаларын зерттеу нәтижелері мен жекелеген фенофазалардың басталу мерзімдері көрсетілген. Бұл деректер дақылдың бейімделу әлеуетінің жоғары екендігін және оны Орталық қара топырақ өңірлерінде өсіру мүмкіндігін көрсетеді.