ЖАЗДЫҚ АРПА ГЕНОТИПТЕРІНІҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ ПИГМЕНТТЕРІ МЕН ӨНІМДІЛІГІ

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2021/14
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалық аймағы жағдайында жаздық арпа дақылы сорттарының фотосинтетикалық пигменттерінің құрамы, оның ішінде хлорофилл (Chlа), хлорофилл b (Chlb) және каротиноидтар мөлшерінің өсімдіктің түптену, түтікке шығу және масақтану кезеңдеріндегі өзгеруі мен зерттеу жылдарындағы өнімділік деңгейінің арасындағы байланысы көрсетілген. Математикалық талдаулар нәтижесі бой-ынша анықталған корреляциялық байланыс деңгейі көрінісін сызықтық тәуелділік бейнелері де растайды. Хлорофилл b (Chlb) мөлшері төмен болуымен қатар дақыл сорттарының өнімділігі тәуелділік сызығынан алшақ жататындығы анық көрінеді, ал хлорофилл a (Chlа) және каротиноидтар мөлшері дақыл сорттарының өнімділігі тәуелділік сызығына жақын орналасқан. Өнімділік - өсімдіктердің өсіп-даму кезеңдерінде жүретін фотосинтетикалық үрдістердің сипатына тікелей байланыста болады. Өз кезегінде фотосинтетикалық үрдіс-тердің жүруі өсімдік жапырақтарындағы фотосинтетикалық пигменттердің мөлшеріне тікелей байланысты.Жаздық арпа генотиптері бойынша жапырақтардағы фотосинтетикалық пигменттердің жоғары мөлшері (С Chl а -0,42, C car - 0,083) өсімдіктің масақтану кезеңінде байқалғандығы және олардың өнімділік арасында оң корреляциялық байланыста болатындығы дәлелденіп, ол сызықтық тәуелділік бейнелерімен расталған.Арпа дақылының өнімділік деңгейі өсімдік жапырағындағы хлорофилл a (Chlа) мөлшерімен тығыз байланысы (r-0,680438) келтіріліп, пигменттер кешені бойынша Астана 2000 стандарт, Сабир, Монолит сұрыптарын донор ретінде пайдалану ұсынылады.