«ШАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ БҮРКІТТІҢ (AQUILA CHRYSAETOS) САНДЫҚ ДИНАМИКАСЫ

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2021/10
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігі түр құрамының жоғарғы деңгейін көрсетеді. Әсіресе, сүтқо-ректілер мен құстарға өте бай. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы орнитофаунасының жазғы аспекті – 130 түрден тұрады, яғни Қазақстанда ұя салатын құстардың 30%-ын құрайды. Жалпы, жыл бойына парк аумағында 236 түрлі құстарды кездестіруге болады (Қазақстан орнитофаунасының 48,1%), оның ішінде Қызыл кітапқа енгені – 22 түр, яғни Қызыл кітапқа кірген құстар санының 39,2%-ын құрайды. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жалпы 34 түрлі сүтқоректі мекендейді, оның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгені – 4, соның бірі – бүркіт (Aquila chrysaetos). Мақалада «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін бүркіттерді есепке алу әдістері, далалық есепке алу жұмыстары, есептік ақпарат жазбасы, санын есептеу тәртібі сипатталған. 2011-2020 жылдар аралығындағы анықталған бүркіт туралы мәліметтер, бүркітті маршрутты есепке алу нәтижелері (19 наурыз 2020 жыл), бүркіттің 2020 жылдың көктемгі санағы туралы мәлімет мен бүркіттердің салыстырмалы сандық көрсеткіші келтірілді. «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бүркіттердің сандық динамикасы тұрақты екендігі анықталды. Ұялар мен аймақтық жұптар туралы бастапқы мәліметтер картаға түсіріліп, бүркіт кездесетін аймақтар анықталды. Табылған ұялардағы балапандарды ай сайын жағдайын тексеріліп, дәлел ретінде фотосуреттер келтірілді.Соңғы онжылдықта Қазақстанда ерекше қорғалатын аумақтар 2 есеге ұлғайғаны белгілі, бұл іс жүзінде көптеген жойылып бара жатқан жыртқыш құстарды құтқарудың және сақтаудың жолы болып отыр.