ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТҮРТКІ БОЛАТЫН ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/fuqo8510
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қызығушылықты зерттеу мәселесіне қалай айналдыруға болады және зерттеу мәселесіне қалай қызығушылық танытуға болады? Қызығушылық – айқындыққа қарама-қарсы құбылыс. Қызықты құбылыс – күтпеген, жаңа көзқарас пен жаңа түсінік береді. «Ең қызықты теория – бұл ең аз ықтимал нәрсені нақты және сөзсіз дәлелдейтін теория» [1]. Зерттеу қызығушылығының қайнар көзі – бұл белгілі бір таным немесе көзқарас, ол белгілі болып көрінетін нәрселерге күмән келтіруге мүмкіндік береді. Зерттеу мәселесі – бұл құбылыстың өзінде болатын қайшылық емес, зерттеуші белгілі бір құбылыста көре алатын қарама-қайшылық. Білімге деген қызығушылық зерттеудің қозғаушы күші болып табылады. Кейбір адамдар ғылымға деген қызығушылығымен ерекшеленеді. Қызығушылық адам үшін өте маңызды күрделі ұғым. Бұл адамның рухани байлығын қамтамасыз ететін ерекше сапа, ол бізді қоршаған шындықтан маңызды таңдау жасауға мүмкіндік беретін құндылық. Қызығушылықтың жалпы түсінігін зерттеу жеткіліксіз, егер біз оның маңызды салаларының біріне тоқталмасақ. Танымдық қызығушылық – оқу іс-әрекетіне қатысты және біздің зерттеу мәселесіне тікелей қатысы бар. Ғылыми қызығушылықтар көбінесе жеке тұлғаның жеке зерттеу түрі қалыптасқан кезде пайда болады. Адамның қызығушылығы әртүрлі және қызығушылықтың бірнеше түрі бар. Осы түрлеріне жеке – жеке тоқталып және олардың білім алу саласымен байланысын анықтау керек. Біз анықтаған оқу саласына қатысты танымдық қызығушылықтан басқа тағы қандай түрлері білім алуға оңтайлы әсерін беретінін әлі де зерттеуді талап етеді.