ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЙМА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

2022

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-120-1-62-69
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі уақытта қойма және логистикалық қызметтер нарығы айтарлықтай қарқынды дамып келеді және мамандардың бағалауы бойынша 20 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Тұтыну деңгейін өсуіне қарай қоймалық қызмет және қойма үй-жайларына сұраныс артуда. Нарыққа жүк ағынын сапалы сақтауды және басқаруды қамтамасыз ететін көбірек сақтау орны қажет. Соңғы жылдары Қазақстан республикасы “бір белдеу және бір жол” бірнеше ғасыр тарихы бар ұлы жібек жолдың қайта жаңғыруы елімізге келіп түсетін кедендік ресімдеуді талап ететін Азия тауарлары ұлғайып жатыр, сәйкесінше оларды кедендік ресім үрдісі барысында сақтауды талап етеді яғни еліміз заманауи инновациялық қоймалардың дамуын талап етеді. Мақалада Қазақстандағы қойма инфрақұрылымының қазіргі жағдайы, сондай-ақ қойма логистикасын дамытудың негізгі проблемалары қарастырылған. Сауда, көлік, өнеркәсіптік өндіріс логистикасының тиімділігі қойма инфрақұрылымының сапасына сәйкес қойманы қайта өңдеуді ұйымдастыруға тікелей байланысты екені белгілі. Қазақстанда қойма логистикасы жағынан ең қанық Алматы қаласының нарығы болып табылады. Мұнда қоймалардың жалпы көлемі 1 миллион шаршы метрден асады, сәйкесінше тұтынушылар үшін қойма деңгейін таңдау көбірек. «А» класты логистикалық қоймалардың пайдаланушылары өнімді сақтаудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуді қажет ететін азық-түлік компаниялары, фармацевтикалық фирмалар және басқа да өндірістер болып табылады. «С» және «Д» класты қоймалық жылжымайтын мүлік құрылыс, өнеркәсіп және басқа салаларда жұмыс істейтін компанияларға сұранысқа ие. Мақалада заманауи қойма терминалдарының жетіспеушілігінің себептері талданып, халықаралық және ұлттық сауда желілерін дамыту және аймақтағы логистикалық қызметтер нарығын кеңейту қажеттілігі анықталды және негізделген. Сұраныстың өсуіне әсер ететін және нәтижесінде жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуіне себеп болатын негізгі факторлар қарастырылды. Зерттеу негізінде авторлар қызмет көрсету бойынша қосымша қызметтерді және қойма ғимараттарының инфрақұрылымын дамыту шараларын бөлуді ұсынады. Осы шарттарды орындау қоймалық жылжымайтын мүлік республикадағы логистиканың толыққанды сегментіне айналуы үшін қажет болып табылады.