Атмосфералық жауын-шашын минерализациясының Қазақстан территориясы бойынша бақыланған өзгерісі

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2022bmg1/172-177
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының территориясында атмосфералық жауын-шашын минерализациясын зерттеудің негізгі нəтижелері келтірілген. Бірқатар көлдераймағында жауын-шашын минерализациясының күрт төмендеуі мен жоғарылау тенденциясы бар екендігі анықталды. Жауын-шашын минерализациясының статистикалық маңызды өсу тренді Шалқар көлі (Ақтөбе облысы), Марқакөл көлі маңындарында бақыланса, төмендеу тренді Балқаш (батыс бөлігі), Билікөл, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты жəне Бурабай көлдері аумағында анықталды. Жауын-шашын жер үсті жəне жер асты суларының пайда болуының негізгі факторы болып табылады. Қазақстан территориясының аумағының үлкендігіне, орографиялық жəне климаттық жағдайына байланыстытерритория аумағында жауын-шашынның əркелкі таралуы бақыланады. Еліміздің едəуір бөлігі, таулы аймақтарды қоспағанда, атмосфералық жауын-шашынның тапшылығын сезінуде. Геохимия ғылымында атмосфералық жауын-шашын химиялық құрамын зерттеу атмосфера–жер беті–теңіз арасындағы тұздық алмасуды сипаттайды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) бағдарламасы бойынша жауын–шашын сынамасынан: аниондар — сульфаттар, хлоридтер, нитраттар; катиондар — аммоний, натрий, калий, кальций, магний; ауыр металдар — қорғасын, мыс, кадмий, мышьяк, қышқылдық жəне үлесті электрөткізгіштік анықталады. Атмосфералық жауын-шашын химиялық құрамындағы əртүрлі қоспаларды білу агрохимиктер, гидрохимиктер, гидрогеологтар мен геохимиктер үшін табиғи жəне жер үсті суларын, топырақтың беткі қабатын зерттеу, алдын алу шараларын жүргізу үшін, сондай–ақ, санитарлық-гигиеналық мақсаттарға, өндірістік аудандардағы ауа ластану деңгейін анықтау үшінде өте маңызды.