ETHICAL RESPONSIBILITY IN MILITARY JOURNALISM

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2021.v59.i4.121
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада әскери журналистиканың дамуы және оның этикалық мәселелері сөз етіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтарды жариялау қажеттілігі, әсіресе соғыс, экономикалық дағдарыс және табиғи апаттар кезінде арта түседі. Сондықтан, осындай қиын уақыттарда жарияланған ақпараттың бәрі қоғамдық пікірге тез әсер етеді. Мақалада кейбір журналистердің соғыс аумақтарына ешқандай дайындықсыз баратындығын, психологиялық жағынан күйзеліске түсіп жататындығы да қамтылған. Қақтығыс аймақтарында этикалық жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екендігін, журналистер өміріне төніп тұрған қауіптің көбіне этикалық мәселелерге байланысты екендігі айтылады. Әскери журналистиканың ақпараттық компоненттегі ықпалы, индустриялық жүйеден ақпараттық жүйеге көшуінің маңызы сипатталады. Журналистік этикадағы объективтілік қағидасының негізгі ерекшеліктері. Сондай-ақ осы тарауда медиамаркетинктегі әскери журналистік материалдың маңызы толық баяндалады және әскери органдардың ресми баспасөз қызметі мен тәуелсіз журналистер арасында туындайтын мәселелер көрсетіледі және көптеген газет-материалдары пайдаланылады.Журналист, өз репортаждарымен қарулы қақтығыстың ішінде өзін сезінуге, ашуланудан, ауырсыну мен аяушылық сезіміне дейін күшті эмоцияларды сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан біздің жұмыстың қоғамдық өзектілігі айқын. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әскери журналистердің қызметі мен шығармашылығының түрлі аспектілерін айшықтай түсетін ғылыми дерек аз. Жоғарыда айтқандарды саралай келе, жұмысымыз осы тақырып аясында қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге, ахуалын бағалауға үлес қоса алады ғой деп ойлаймыз.