Аннотация
ҚАЗАҚ ТУЫСТЫҚ АНТРОПОЛОГИЯСЫН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫММЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІҚазақ антропологиясын әлемдік ғылыммен интеграциялауда туыстық жүйе мәселесінің алатын орны ерекше.Себебі, қазақ туыстық заңдылықтары мен әлемдік ғылымда орын алған тұжырымдар арасында біраз алшақтықтар бар.Олар қазақ туыстық антропологиясындағы басы ашылмаған мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.Бұл, бір жағынан, әлемдік антропология әдістерін отандық ғылымда кең қолдануға, екінші жағынан, әлемдік классификация мен типологияда қазақ (түркі-моңғол) туыстық жүйесінің орнын анықтауға жол ашпақ.Мысалы, қазақтың дәстүрлі көшпелі социумын зерттеуде отбасы қатынастары мен туыстық жүйе механизмдерін талдау аса маңызды міндеттердің бірі.Осы жолда батыс ғылымының әдістерін меңгеру, әлемдік туыстық антропологияда қазақ туыстық жүйесінің орнын анықтау, соның ішінде қазақ туыстық терминдер жүйесінің типологиясы мәселесін қарастыру маңызды.