Ғазиза Жұбанова ораторияларының заманауи қазақ хор мәдениетіне әсері

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v6i3.461
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Ғазиза Жұбанова ораторияларының орындаушылық практикасын зерттеуге бағытталған. XX ғасырдың 60–90 жылдар аралығында жазылған ораториялары қазақ хор мәдениетінің бағалы үлгісі ретінде қалыптасып қана қоймай, жалпы қазақ хор мәдениетінің даму үрдісін жаңа сатыға көтерген. Соңғы жылдары Ғ. Жұбанованың жалпы хор шығармашылығы кең ауқымда зерттелуде. Бірақ, нақты ораториялық шығармашылығының тарихы мен практикалық маңызы мәселесі назардан тыс қалуда. Композитор ораторияларының кеңестік кезеңдегі және тәуелсіз Қазақстан сахнасындағы орындалу тарихы түрлі кезеңдегі вокалдық-симфониялық жанрдың өзектілгін арттырады. Сондықтан, бұл мақаланың негізгі мақсаты оратория жанрының орындаушылық тарихы негізінде жанрдың ұлттық хор мәдениетін қалыптастыру мен дамыту негіздеріне әсерін анықтау болып табылады. Қазақ хор мәдениетіндегі ораторияның жанрлық сипаты оның толық тарихи кезеңінде (1960–2020) бекіту үшін ұлттық тарихи тәжірибе оратория өнері жалпы – әлемдік процестермен байланыстырылды. Бастапқы әдістемелік ұстаным – бұл құбылыстың бөлінбейтін біртұтастық ретінде танылуында. Мақалада оратория жанры, музыка өнеріндегі шығармашылық ерекшеліктері, премьералар мен басылымдардағы орыс және батыс еуропалық классиктердің ораториялық шығармаларының ғұмыры бойынша ғылыми білімдер жинақталды. Материал ретінде – Ғ. Жұбанова ораторияларының музыкалық мәтіндері, баспа және қолжазба күйінде сақталған клавирлері, аудио және бейне жазбаларда ұсынылып отыр. Ғ. Жұбанова ораторияларының сахналық практикасын зерттеу барысында тарихи-патриоттық тақырыптағы ораториялардың ішінде «мерейтойлық ораториялар» тобының ерекшеліктері анықталды. Яғни, ораториялардың орындаушылық практикасы тікелей тақырыптық ауқымға тәуелді болды. Зерттеу нәтежесін талқылау барысында, Жұбанова ораториялары «тарихи-патриоттық», «мерейтойлық» және «философиялық» топтарға жіктелді. Оның себебі, тақырыптық негізі ғана емес, сонымен қатар, жазылу тарихы мен сюжеттік даму ерекшеліктері ретіндегі құндылығында. Зерттеу нәтижелері музыкатану ғылымдарының «вокалдық музыка» бағытындағы ізденушілер үшін практикалық маңыздылыққа ие. Жұбанованың ораториялық музыкасына қатысты зерттеулерді негізге алу, жалпы қазақ хор музыкасы немесе қазақ композиторларының ораториялық шығармашылығы тақырыбын тереңірек зерттеуге мүмкіндік туғызады.