Аннотация
Қазіргі таңда дұрыс тамақтанудық басты мақсаттарының бірі функционалды өнімдермен байытылған арнаулы тағам өнімдерін пайдалану.Осы уақытта, жүрек аурулары, қатерлі ісік, остеопороз, диабет және инсульт сияқты аурулардың даму қаупін төмендету үшін құрамында ағзаға физиологиялық әсері бар және дәмдік сапасы жоғары тағамдық рациондардың маңыздылығына көңіл бөле бастады.Функционалды тағамдар ағзаның ас қорыту жүйесіне оң әсерін тигізіп, ішек микрофлорасын жақсартады; зат алмасу үдерісіне қатысып, иммундық жүйені нығайтады; ағзаны бос радикалдардан қорғап, қартаюды баяулатады. Функционалдық тамақ өнімдерінің негізгі ерекше белгілері:тағамдық құндылығы; дәмдік сапасы; ағзаға физиологиялық әсер етуі. Бұл талаптар оныңқұрамына кіретін жеке ингредиенттерге емес, жалпы өнімге қатысты болуы тиіс. Тек функционалды байытылған өнімдер ғана емес, сонымен қатарденсаулыққа пайдалы кез келген табиғи өнімдер болуы мүмкін[1]. Сондықтан, жылдам дайындалатын кептірілген кеспе өнімінің бастапқы шикізаттары ретінде, ақуызғы бай жоғары сұрыпты бидай ұны, функционалды ет өнімі- жылқы еті және функционалды ингредиент- сүтқышқылды құрт өнімі пайданылады. Табиғи тағамдық шикізаттарды қолдана отырып, ұзақ сақтауға төзімді, тұтыну дайындығы жылдам жүргізілетін тағам дайындалды.