КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ТРАНСМИССИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ТӨЗІМДІЛІГІ

2021

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2021-116-1-116-122
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада көліктік техниканың, оның ішінде автомобильдің трансмиссиясының құрылысымен таныстыра келе, автомобильді пайдалану барысында, оның трансмиссиясы әр-түрлі соққылар мен жүктемелерді қабылдап, оның бөлшектерінің қатты белгілі бір температураға дейін қызып, тозуының удеуі мен басқа да зиянды әсерлері жөнінде айтылған. Көліктік техника трансмиссиясының істен шығу cебептерін айта келе, оның әр-бір бөлшектері төзімділігінің пайыздық үлесі нақтылай көрсетілген. Трансмиссия бөлшектерінің ішінде ең көп істен шығатын фрикциондық ілініс қосқыштарының бұзылу себептептеріне егжей-тегжейлі тоқталған. Әсіресе, ілініс қысқыштарының дискілері бір-бірімен үйкеліп, қызып кетуінің себептері және одан болатын зиянды әрекеттердің салдарын формула бойынша талдап, графиктер (сызбалар) арқылы көрсетілген. Сонымен бірге ілініс дискілерінің қызып кету зиянды салдарын азайту әдістері де көрсетілген. Көліктік техниканың редукторларындағы, беріліс қораптарындағы тісті берілістерінің жұмыс жағдайлары жоғары жүктемелі және жүктеме - жылдамдық жағдайында кең диапазондарында кенет өзгерулерімен сипатталатындығына тоқтала келе, тісті іліністердің тозу қарқындығы қандай себеп факторларға байланысты өзгеретінін жақсы атап көрсеткен. Мақалада бұдан басқа тежегіш құрылғыларының төзімділігіне меншікті жүктеме, жылдамдық, іске қосудың жиілігі мен ұзақтығы үлкен әсер ететіндігі жайлы айта келе, бұл құрылғылардың төзімділігін арттыру жайлы да жақсы айтылған. Сонымен бірге басқару жетектерінің төзімділігі жөнінде де қысқаша атап көрсеткен.