ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ТАП ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ

2021

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.2(109).594
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның орта таптың өлшемдері және оның біздің қоғамның ынтымақтастығы мен қоғамдық тұтастығын қамтамасыз етудегі рөліқарастырылған. Әлеуметтік зерттеу және орта таптың стратификациясының моделін құру үшін объективті индикаторлардың үш негізгі тобы және субъективті өзін-өзі сәйкестендірудің шкаласы қолданылды.Орта таптың экономикалық және мүліктік сипаттаманың индикаторлары көрсетілген: кірістер (жалақы), жеке кәсіптің, меншіктің болуы, тұрғын үйжағдайы, ұзақ қызмет көрсететін тауарларды сатып алу мүмкіндігі, ақылы қызметтерді пайдалану мүмкіндігі.Екінші топ – орта таптың саяси стратификациясының көрсеткіштері: саяси және экономикалық өзгерістерге және олардың перспективаларына деген көзқарас. Үшінші топқа әлеуметтік-мәдени индикаторлар кірді: әдебиетке, өнерге, спортқа, дінге деген қызығушылық, моральдық бағдарлар. Бұл әлеуметтік зерттеуде негізгі құрал ретінде сауалнама қолданылды. Жалпы, қазақстандық зерттеушілер әлемдік әлеуметтануда бар орта тапты сәйкестендірудің бірқатар өлшем шарттарын қолданады. Біздің орта тапты зерттеуімізде республиканың ерекшелігін ескере отырып, осы өлшем шарттардың барлығы қолданылды.