Ересек егеуқұйрықтардың жүрегінің оң жақ қарынша миокардының жиырылғыштығына серотонин мен адреналиннің жоғарылаған концентрацияларының əсері

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2021bmg3/26-30
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары ағзаның физиологиялық жəне патологиялық процестеріне серотониннің(5-HT) рөлі мен оның əсер ету механизмдеріне аса көңіл бөлініп келеді. Серотониндік жүйенің қалыпты жағдайдан ауытқуы атеросклероз, артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруын тудыруына себепболатыны кеңінен талқылануда. Бүгінгі таңда сүтқоректілер мен адамдардың миокардында анықталған серотонин рецепторларының екі түрі белгілі— 5-НТ2 жəне5-НТ4. Жүрек қызметін басқаратын негізгі механизмдердің бірі кардиомиоциттердің адренорецепторларына катехоламиндердің əсер етуімен байланысты. Адам мен жануарлардың жүрегінде кардиомиоциттердің жиырылуына β1, β4 жəне α1A адренорецепторлары қатысады. Серотонин мен адреналин физиологиялық процестерін реттеуші модуляторлары болып, патология жағдайында аурудың дамуына ықпал ететін факторларға айналады. Ересек ұрғашы егеуқұйрықтардың миокардының серотонин мен адреналиннің түрлі концентрацияларына жиырылу күшін in vitro зерттеу барысында анықтадық. Нəтижесінде, серотониннің концентрациясының жоғарылауымен оң қарыншаның миокардында дозаға тəуелді оң инотропты əсер байқалды. Серотониннің соңғы концентрациясына оң жақ қарыншаның жиырылу күші алғашқы концентрациясымен салыстырғанда 48,3 % жоғарылаған. Алайда, адреналин концентрациясының жоғарылауымен оң инотропты реакция əлсірейді. Адреналиннің максималды10,0 mM концентрациясына алдыңғы концентрациясымен салыстырғанда10,4 % теріс инотропты əсер байқалды. Осылайша, жүректегі серотониндік рецепторлардың таралуы мен функционалды рөлі адренергиялық рецепторлармен сəйкес болса да, кардиомиоциттердің серотонин мен адреналинге инотропты реакциясы əртүрлі болды.