АЙМАҚТЫҚ КӨЛІКТІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ БОЙЫНША ЖҮКТЕРДІ ЖЕТКІЗУ ТИІМДІЛІГІ

2021

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2021-116-1-170-176
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Логистиканың жалпы тұжырымдамалары аймақтық көліктік логистикалық жүйенің не екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оңтайлы түрде ұйымдастырылған аймақтық материалдық ағындарға көліктік қызмет көрсетудің бірыңғай процесін қамтамасыз ететін, қарастырылып отырған аймақтың шекараларында құрылған күрделі экономикалық жүйе. Көліктік логистикалық жүйелерді құру және жұмыс істеу мақсаты айқын және нақты тұжырымдалған: өндірістік немесе жеке тұтынуға барынша дайындалған тауарларды белгіленген жерге және белгіленген мерзімде, қажетті мөлшерде және ассортиментте, белгіленген деңгейден аспайтын шығындармен сөзсіз жеткізу. Аймақтық көліктік логистикалық жүйелердің негізгі элементтері: көлік, экспедиторлық және қойма кәсіпорындары болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста уақыт пен жалпы шығындар тұрғысынан тауарларды жеткізудің тиімді нұсқаларын жүзеге асырады. Батыс мамандарының бағалауы бойынша, тіпті жоғары ұйымдастырылған экономикада да логистикалық көлік тізбегін дамыту жалпы шығындарды 20% - дан астамға қысқартуға мүмкіндік береді. Оңтүстік аймаққа келетін болсақ, 2 темір жол, инфрақұрылымы бар 12 теңіз және 3 өзен порты, 60-қа жуық кеме қатынасы компаниясы, 140-қа жуық экспедиторлық компания, көптеген автомобиль тасымалдаушылары және т. б. көліктік логистикалық жүйелердің әлеуетті қатысушылары бола алады.