БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ШАРТТАРЫ

2021

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51582/interconf.19-20.07.2021.012
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің мәдениетаралық коммуникациясының даму ерекшеліктері талданады. Коммуникация болашақ мамандар арасында жетекші қызмет түрі ретінде танылады, өйткені олар ақпаратпен тікелей жұмыс істейді, оны өңдейді, талдайды, визуализациялайды және т.б. алайда, жаһандық контексте экономикалық ынтымақтастықтың заманауи формаларының дамуына байланысты жаңа коммуникациялық мүмкіндіктері бар мамандарға деген қажеттілік артып келеді. Мақалада студенттердің шет тілдерін білу, коммуникативті мінез-құлық, әлеуметтік-мәдени білім және көп мәдениетті тәрбиені қамтитын мәдениаралық қарым-қатынас құрылымы қарастырылады. Мақалада кәсіби және әмбебап құзыреттіліктерді, соның ішінде бакалаврлардың кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ететін мәдениетаралық коммуникацияны дамытудың ең тиімді нысаны ретінде оқыту ортасына ерекше назар аударылады. Оқыту кезінде және одан кейін байқау және сауалнама жүргізу әдістері Мәдениетаралық коммуникацияның сапалы оң динамикасын көрсетті. Студенттер барабар коммуникативтік мінез-құлық танытты, шет тілдерін меңгеру деңгейін арттырды, кездесулер, семинарлар, презентациялар және дөңгелек үстелдер кезінде кәсіби қарым-қатынас саласында мәдениетаралық коммуникацияға дайындығын көрсетті. Сонымен қатар, студенттердің басқа шет тілдері мен мәдениеттерін оқуға деген ынтасының артуы, шетелде магистрлік бағдарламаларға деген қызығушылықтың артуы, студенттермен және оқытушылармен жеке достық қарым-қатынас орнату атап өтілді.