Аннотация
Авторлар мақалада Қазақстандағы паблик рилейшнз ақпараттық ортада қоғамдық пікірдіңөзгеруіне әсер етіп жатқанын айтады. Пікірдің интенсивтігі, тұрақтылығы мен проблемаға сәйкес ақпаратауқымының кеңеюінен PR саласын дамытудың қажеттігі көзделген. Өзге қызметтің түрлері тәрізді PR өз мақсатына жету үшін түрлі әрекетті жүзеге асырады және тиімді басқарудың кез-келген қызмет түрінің бөлінбесбөлшегі екенін авторлар нақты аша білген. Қоғаммен байланыстың әлемдік тәжірибесінде PR-дың бірнешефункционалдық ерекшеліктерін атап көрсетеді.РR маманы үшін жаңалық пен корпоративтік материалдың аражігін айырудың мәні зор екендігі мақалада зерттелген. Материалды БАҚ-қа ақысыз жариялау үшін БАҚ-тың мұқтаждығын зерттеп, қанағаттандырумен қатар, онымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрақты ақпарат көзіне айналу, БАҚ-қа арналғанақпаратты обьективті түрде бағалай білу қажеттігі сараланған. Ақпараттық шикізаттан жүйелі, піскен ақпараттық өнім жасай білетін РR маманы - нағыз кәсіби маман, оның кез-келген материалы ақысыз жариялайалатындығын дәлелдеген. Сондай-ақ, мақалада Қазақстан Республикасындағы пиар қызметтің бәсекелестіккеқабілеттігін арттыру жолдары қарастырылған.