Аннотация
Алматы қаласы иттердің парвовирустық энтериті бойынша қолайсыз аймақ болып табылады. Ауруың таралуы иттердің жасына, жынысына, тұқымына және маусымға байланысты. Ауру қоздырушысына ең сезімтал – 6-16 апталық күшіктер, асыл тұқымды иттерден көбінесе - неміс овчаркасы, лабрадор, ортаазиялық овчарка, хаски және роттвейлер. "Энтерокол" пробиотикалық препаратын қоса отырып, парвовирустық энтеритпен ауыратын иттерді емдеу кезінде оң нәтижелер алынды, емдеу хаттамасын түзету емдеу мерзімін 4-6 күнге қысқартуға мүмкіндік берді. Емдеу тиімділігі 95%-ды құрады.