Аннотация
Бұлмақалада COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шаралар жүргізу нəтижеінде жұмыссыздықтың артуы жəне мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту мəселелеріне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға талдау жасалған. Жұмыссыздықтың артуы мен халық табыстарының деңгейі төмендеуі анықталып, оны реттеу барысындағы тұрғындарға жəне шағын жəне орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін арттыру мəселелері қарастырылған. Кез келген қоғамның ең өзекті əлеуметтік-экономикалық мəселелерінің қатарына жұмыссыздықты жатқызуға болады. Жұмыссыздық мемлекеттің ең басты өндіруші күші – жұмыс күшінің – толықтай тиімді пайдаланылмауына жəне, соның нəтижесі ретінде, əлеуетті жалпы ұлттық өнімнің едəуір қысқаруы жағдайлары қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттің өндіріске жұмсауға мүмкіндігі бар шығындарын жұмыссыздық бойынша жəрдемақылар төлеу, жұмыссыздарды қайта кəсіби оқыту мен оларды жұмысқа орналастыруға қаражат жұмсау арқылы елдің ұлттық табысының төмендеуіне ықпал етендік тұстары талданды. Əлеуетті жұмыс күші ресурстарын толықтай пайдалана алмау нəтижесінде экономикалық жүйе өзінің өндірістік мүмкіншілік шеңберінен төмен қалып, экономикалық өсу мақсатын кейінге қалу жағдайлары келтірілген.