АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ

2020

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.30563/turklad.816058
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 30 мамыр, 2019 ж. Жарлығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Үкімет қаулысы қабылданып, еліміз беналыс-жақын шет елдермен қоса Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) тарапынан да атап өтілгені мәлім. Мақаламызда қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай шығармаларының шет елдерде, оның ішінде бауырлас түркі елдеріндегі зерттеулеріне, еңбектерінің аударма нұсқаларына шолу жасалған. Кеңес Одағы дәуірінде біршама қағажу қалған бұл сала соңғы уақыттарда жандана түсуімен бірқатар олқылау тұстарының да бар екендігіне сілтеме жасалған. Абай тұлғасы мен шығармашылығын ғасырлар бойы үзілмей өміршеңдігін сақтап қалған жалпытүркілік аспектідеқарау, көршілес және Анадолы түркі халықтарының арасындағы гуманитарлық байланыстың тарихилығы мен ортақтық астарына мән беру сияқты өзекті мәселелер қамтылған. Абай шығармашылығының Орта Азия түркі тілдерімен қоса татар-башқұрт, азербайжан және түрік тілдеріндегі әртүрлі нысан мен мазмұндағы аударма еңбектері туралы мәлімет берілген.