Аннотация
ТүйінМақалада Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы зерттелген.Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы жинақталған және жыл сайынғы өзара инвестициялық салымдардың динамикасы, түрлік құрылымы және салалық басымдықтары сараланып, Еуропалық Одақтан келетін инвестиция ағының төмендеуінің негізгі мәселелері анықталды.Зерттеудің мақсаты -Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы ынтымақтастықтың проблемалық жақтарын анықтау, инвестициялық қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру әдістерін қарастыру.Мақалада инвестициялық қатынастар туралы арнайы ғылыми кітаптар, мемлекеттік органдардың есептері, құқықтық актілер мен өзге де дереккөздерді сипаттау және талдау әдістері қолданылған.Мақалада SWOT талдау әдісі қолданылып, оның негізінде инвесторлар үшін Қазақстанның күшті және әлсіз жақтары анықталды.Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары.Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың ауқымы институционалды негізде жүзеге асырылады, дегенмен инвестициялық ағым біркелкі дәрежеде емес.ЕО инвестициялық импорт процесінде Қазақстанның негізгі серіктесі болып табылады.Қазақстанның тау-кен өндірісі ЕО елдері үшін ерекше қызығушылық тудырады, сондықтан шикізат бағасының өзгеруі инвестиция ағынының төмендеуіне әкеледі.Энергия ресурстары бағаларына тәуелділіктен арылу үшін Қазақстанға жекелеген ЕО мемлекеттерімен жеке инвестициялық жобаларды әзірлеп, бюрократия, сыбайлас жемқорлық және т.б.факторларды жоюы қажет.Қызығушылықты арттыру үшін ЕО мемлекеттерінің инвесторлары үшін жекелеген преференцияларды әзірлеу ұсынылады.Сондай-ақ, Еуропалық Кеңеспен бірге тікелей инвесторлармен ынтымақтастық мәселесіне көңіл аудару ұсынылады.Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, Еуропалық Одақ, тікелей шетелдік инвестициялар, ынтымақтастық, сауда айналымы, инвестициялық тартымдылық. АннотацияВ статье исследованы становление и развитие инвестиционного сотрудничества Казахстана со странами Европейского союза.Анализируются динамика, видовая структура и отраслевые приоритеты взаимных инвестиций между Казахстаном и Евросоюзом, выявлены основные проблемы сокращения инвестиционного потока из Евросоюза.Цель исследования заключается в выявлении проблемных аспектов сотрудничества Казахстана со странами Евросоюза, рассмотрении методов по совершенствованию инвестиционной привлекательности Казахстана для зарубежных инвесторов, что способствует дальнейшему развитию инвестиционных отношений.В статье использованы методы описания и анализа специальной научной литературы, отчетов государственных органов, нормативно-правовые акты и другие источники по инвестиционным отношениям.Применен метод SWOT-анализа, на основе которого выявлены сильные и слабые стороны инвестиционной привлекательности Казахстана.Результаты и выводы исследования.Инвестиционное сотрудничество между Казахстаном и странами Евросоюза, осуществляется на институциональной основе, однако инвестиционный поток имеет неравномерную тенденцию.ЕС является ключевым казахстанским партнером в процессах импорта инвестиций.Для стран Евросоюза особую привлекательность представляет добывающая промышленность Казахстана, и изменение цен на сырье приводит к уменьшению инвестиционного потока.Казахстану, чтобы избежать зависимости цен на энергетические ресурсы, необходимо разработать отдельные инвестиционные проекты с приоритетными странами Евросоюза, исключить такие факторы, как бюрократия, коррупция и т.д.Предлагается для повышения мотивации создавать индивидуальные преференции для иностранных инвесторов из стран ЕС.Кроме сотрудничества с Европейской комиссией обратить внимание