Жылқы концептісінің мәдени-семантикалық сипаты

2020

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2020.v177.i1.ph24
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі таңда ғалымдар жылқыны алғаш қолға үйрету қазақ даласында басталғанын толықтай мақұлдады. Бұған нақты дәлелдер де бар. Ал жылқыны қолға үйрету мәдени дамудың сатысын жоғарылатты. Халқымыз мінсең көлік, ішсең қымыз, жесең қазы болатын жануардың қабағын бағып, күйін келтіруге де аса мән берген. Ол үшін жылқының ауруларын жіті танып, емдік әрекеттерді медицина дамымай тұрған ерте заманнан-ақ білген. Қазақты «ат үстінде туып, ат үстінде ғұмыр кешкен» халық дейміз. Мұның себебі де жоқ емес. Атқа мініп көшіп-қонудан жүйрік баптап, қымыз ішіп, қарта жеуге дейінгі әрекеттердің бәрі де қазақтың өлең-жырларында, мақал-мәтелдерінде, афоризмдері мен фразеологизмдерінде де көрініс тауып, қазақ тілінің сөздік қорының молаюына қызмет етті. Қалалық мәдениет дамыса да, ат үстінде күнелткен көшпелі мәдениеттен алшақтап, мал бағу жеке адамдардың ғана кәсібіне айналса да, жылқы жануарына қатысты құрылған сөздер қолданыстан шығып қалмақ емес. Бұл мақалада қазақ халқының жылқы түлігін қолға үйретуінен бастап, жылқы арқылы мәдениеттің биік шыңдарына көтерілгендігін ашуға тырыстық. Әсіресе жылқы түлігіне қатысты сөздердің ұлттың тіліне әсер еткендігі, ұлттық кодымыз да жылқымен байланысты екендігін көрсеттік.