Bioclimatic assessment of South Kazakhstan Oblast

2016

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem.2016.1.295
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Адамның денсаулығы мен тіршілік етуіне жайлы жағдайларды қамтамасыз ететін метеорологиялық құраушы биоклимат болып табылады. Сол себептен мақалада билклиматтық жағдайларды талдаудың негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының жайлылығы бағаланды. Биоклиматтық параметрлерді анықтау үшін бастапқы деректер ретінде ОҚО территориясында орналасқан метеорологиялық станциялардың мәліметтері алынды.Биоклиматтық жайлылықтың интегралды көрсеткішіне жылы мерзім үшін: эффективті температура (ЭТ), эквивалентті-эффективті температура (ЭЭТ), биологиялық активті температура (БАТ), нормальді эквивалентті-эффективті температура (НЭЭТ), радиациялық эквивалентті-эффективті температура (РЭЭТ), ал суық мерзім үшін Бодман бойынша қаталдық индексі, Хайруллин мен Адаменко бойынша келтірілген температура қарастырылды. Алынған нәтижелер бойынша, Оңтүстік Қазақстан территориясында адамның өмір сүруі, тіршілік етуі үшін жайсыз жағдайлар анықталмаған, ең жайлы ай қазан айы болып табылған.