Аннотация
Мақала республиканың әлеуметтік саясатын реттеудің маңызды мәселелерінің бірі ретінде халықтың өмір сүру сапасы деңгейін бағалауға арналған. Авторлар Қазақстан Республикасының 1991-2014 жылдар аралығындағы әлеуметтік-демографиялық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, олардың негізінде екі өлшемді статикалық-динамикалық әдісті қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасы деңгейін бағалады және типология жасалынды.