Аннотация
Бүгінгі күндердегі мұнай-газ кешеннің қызметі геокеңістікті ақпаратты және геоақпарат жүйесін кеңінен қолдануға талап етеді. Олар көптеген міндеттерді шешуге көмектеседі: жоба жұмыстарынан және экологиялық мониторингтен бастап аймақпен басқару мен мүліктерін сақтауға дейін. Мамандар бойынша өндірістің қызметімен байланысты ақпараттың 80 % кеңістікте таралған, ол геокеңістіктегі ақпараттың маңыздылығын дәлелдейді. Геокеңістіктегі ақпараттың негізі болып ғарыштық суреттер саналады.ГАЖ жергілікті жер бедері туралы нақты геодезиялық зерттеулер арқылы алынған ақпараты өндеуге мүмкіндік береді, оның себебінен, бедердің өзгергенін болжауға және болашақта шаралар қолдануға мүмкіндік береді.